Кешеден бастап Қатарда кеме қатынасы қайта жандана бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бірақ әлі де шектеу бар. Елдің Көлік министрлігі кемелерге теңізге сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін ғана жүруге болатынын ескертті. Ал балық шаруашылығына рұқсаты барлар күн-түн демей жүзе береді.
Қатар билігі барлық кеме иелері мен теңіз операторларын құрал-жабдықтың ақаусыз болғанын қадағалауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу