Қатардағы зауытта жарылыс болды: 54 адам зардап шекті, тағы 18 адам із-түзсіз жоғалды

510

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жариялады.  

Қатардағы зауытта жарылыс болды: 54 адам зардап шекті, тағы 18 адам із-түзсіз жоғалды Фото: REUTERS / Mohammed Salem

Жарылыс Доха қаласының солтүстік-шығысындағы Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған аумақта Қатардың сұйытылған табиғи газ өндіретін негізгі нысандары орналасқан. 

– Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде жергілікті сипаттағы жарылыс болды. Азаматтық қорғаныс күштері оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Лехвия ішкі қауіпсіздік күштерінің іздеу-құтқару тобы азаматтық қорғаныспен бірге із-түзсіз жоғалған 18 адамды іздеу операциясын жүргізіп жатыр", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Зауыттағы жарылыс әлемдік энергетикалық нарыққа қосымша қысым түсіруі мүмкін. Қатар әлемдегі ең ірі табиғи газ өндіруші және экспорттаушылардың бірі болып табылады, ал Рас Лаффан елдегі ең маңызды газ торабы болып саналады.

Барзан зауыты тәулігіне шамамен 1,4 миллиард стандарт текше фут тауарлық газ өндіруге қауқарлы. Бұл көлемнің едәуір бөлігі елді сумен қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын электр қуатын өндіруге және электр тұщыту қондырғыларына жұмсалады.

Зауыттағы үлестің басым бөлігі Qatar Energy компаниясына, қалғаны АҚШ-тағы ExxonMobil компаниясына тиесілі.

Наурызда Рас-Лаффан зымырандардың ауыр соққысына ұшырап, инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді. Осыдан кейін бірнеше нысанда өндіріс уақытша тоқтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу