Қатардың газ тиеген танкері Ормуздан өтті

379

Бұл туралы Vesselfinder порталы хабарлады.  

Қатардың газ тиеген танкері Ормуздан өтті Фото: 24tv.ua

Қатардың сұйытылған табиғи газ тиеген екінші танкері Ормуз бұғазынан өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сингапур туы ілінген танкер Рас-Лаффан экспорт зауытынан шығып, Пәкістандағы Касим кемежайына қарай бағыт алды. Бұл алып кеме 174 мың шаршы метр газ тасымалдай алады.

Өткен аптада Bloomberg агенттігі соғыс басталғалы бері Қатардан шыққан газ танкері алғаш рет Ормуз бұғазынан өткенін хабарлаған еді. Басылым мәліметіне сүйенсек, кеме Тегеран мақұлдаған, Иран жағалауын бойлай өтетін солтүстік бағытпен жүрген болуы мүмкін.

"Осыған қарағанда сұйытылған табиғи газ жеткізу мәселесі қайта жандануы мүмкін", – дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу