Қатонқарағайдан Өскеменге 3 жасар бала тікұшақпен жеткізілді

267

Балаға шұғыл медициналық көмек қажет болған.  

Қатонқарағайдан Өскеменге 3 жасар бала тікұшақпен жеткізілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Тапсырманы орындау үшін  "Қазавиақұтқару" қызметінің тікұшағы жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Медициналық көмек көрсету мақсатында Катонқарағай ауданынан үш жасар балаға Өскемен қаласына шұғыл тасымалдау ұйымдастырылды.

Ұшу барысында баланы санитарлық авиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Антон Волков сүйемелдеп, науқастың жағдайын маршрут бойы бақылауда ұстады.

ТЖМ экипажы мен медициналық мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу