Кавасаки синдромы күретамырдың кеңеюіне алып келуі мүмкін

729

Дер кезінде дәрігерлер көмегіне жүгініп, уақыт өткізіп алмау маңызды.

Кавасаки синдромы күретамырдың кеңеюіне алып келуі мүмкін

Бұл туралы Кавасаки синдромы туралы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова мәлім етті. 

"Кавасаки синдромын мультижүйелі қабыну синдромы деп атаған жөн. Ол көбінесе коронавируспен ауырған балаларда кездеседі. Кейде оны посткоронавирустық синдром деп те атайды. Аталған дертке шалдыққа балаларда күретамырдың аневризмасы (тамырдың кеңеюі) және токсикологиялық шок жиі кездеседі. Сондықтан ем қабылдауды дер кезінде бастау керек. Уақыт өткізіп алмау маңызды. Тек сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл ретте әдеттегі терапия қолданылады. Аталған синдром жаңа және жиі кездеспейтін індет ауру болғандықтан әр жағдайды жіті қадағалауымыз қажет. Себебі оның өзі мамандар үшін  тәжірибе", – деді Ғалия Құттықожанова. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу