Кавасаки синдромына шалдыққан барлық балалар сауықты

968

Биыл мультижүйелік қабыну синдромы бар 42 бала тіркелген.  

Кавасаки синдромына шалдыққан барлық балалар сауықты

Жаз айларының басында коронавируспен ауырған балалар кейін Кавасаки синдромына шалдығады деген ақпарат елді елең еткізгені анық. Артынша осы диагноз бірнеше балада расталды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният биыл мұндай мультижүйелік қабыну синдромы бар 42 бала тіркелгенін айтады.

"2020 жылғы тамыздан бастап республикада коронавирустық инфекциямен қатар мультижүйелік қабыну синдромы немесе Кавасакиге ұқсас синдром тіркеле бастады. Жаз айларында балалар арасында аталған синдром анықталды. Қазір үш аптадан бері балалар арасында бұл ауру тіркелмеді. Бүгінде мұндай індетке шалдыққан науқастардың барлығы емделіп шықты", – деді вице-министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу