KAZ Minerals 9 айда 97,1 мың тонна мыс өндірді

1225

 KAZ Minerals 9 айда 97,1 мың тонна мыс өндірді

2016 жылдың 9 айында KAZ Minerals Тобы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемін 66%-ға арттырып, катод эквивалентіндегі 97,1 мың тонна мыс өндірген, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап strategy2050.kz.

Үшінші тоқсанда 44,5 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 43%-ға арттық.

Компания Бозшакөл (Павлодар облысы) және Ақтоғай (ШҚО) сияқты жақында іске қосылған ірі жобаларда өндіріс көлемін арттыруды жалғастырып келеді.

Бұл 2016 жылдың соңына қарай компания жоспарлаған 130-155 мың тонна аралығындағы катод эквивалентіндегі мыс көлеміне (2015 жылы Топ 81,1 мың тонна өндірген) қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу