Ол қара жамылған отбасыларға жалпы көлемі 300 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлді. Қаражат қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына бағытталды.
"Бұл қайғы бәрімізге ортақ. Ел алдындағы міндетін атқарып жүрген азаматтарымыздан айырылдық. Қазір олардың отбасылары үшін өте ауыр кезең. Осындай кезде көңіл айтып қана қоймай, қолдан келгенше нақты қолдау көрсету маңызды деп есептеймін", – деді Еркін Оқасов.
Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмдардың рухына дұға бағыштады.