Қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілді

501

36 жастағы өрт сөндірушінің артында 5 баласы мен жұбайы қалған.  

Қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілді Фото: gov.kz

Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына үй берілді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Төтенше жағдай министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

12 қарашада Семей қаласының "Қарағайлы" ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілті марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табысталды. "Фирма Азия" ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов оларды жаңа қоныспен құттықтады.

"Фирма Азия" ЖШС бас директоры Сәуле Досқожанова қаза болған өрт сөндірушінің отбасына баспана берілетіні жөнінде қыркүйек айында хабарлаған болатын.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде 36 жастағы Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қаза тапқан болатын. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндірушінің отбасына Мемлекет басшысының атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстаған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу