Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тасжолында көлік өртенді

411

Ақмола облысы Полиция департаменті ақпаратты растады. 

Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тасжолында көлік өртенді Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы "Астана – Петропавл" автожолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Видеода көліктің толықтай отқа оранғаны көрінеді. Сондай-ақ желі қолданушылары қаза тапқандар болуы мүмкін екенін жазған.

"Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы "Астана – Петропавл" автожолында болған автокөліктің өртену фактісі бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың жеке басы да анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың саны, автокөліктің өртену себептері және өзге де мән-жайлар анықталуда. Тексеру жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу