"Қаза тапқандар бар": Швейцарияда 45 турист мінген автобус аударылды

Жол-көлік оқиғасы Лесс елді мекені маңында тіркелген.   

"Қаза тапқандар бар": Швейцарияда 45 турист мінген автобус аударылды Фото: Bild

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде автобус жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Швейцарияның Граубюнден кантонындағы жол апатынан 5 адам қаза тапқан, тағы 40 жолаушы жарақат алған. 

Оқиға кезінде автобуста Нидерландтан келген 45 турист болған. Олар бір күндік экскурсиядан кейін Цернец қаласынан Суш ауылына қарай бара жатқан еді.

Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Полиция БАҚ-та тараған, "жүргізуші жолға құлаған тастан айналып өтпек болған" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

Полиция мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі ауыр жарақат алып отыр. Жеті адамның жағдайы орташа ауыр, тағы 30 жолаушы жеңіл жарақатпен қалған.

Құтқару жұмыстарына 7 тікұшақ пен 13 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Құтқарушылар оқиға орнында түні бойы жұмыс істеп, саяхатшылардың өмірі үшін арпалысқан. Таңға қарай автобустың бөлшектері арасынан қаза тапқан 5 адамның денесі шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу