"ҚазАгро" еурооблигациялардың мерзімінен бұрын толық өтелгенін хабарлады

694

Облигация ұстаушылардың 89,95%-ы холдингтің ұсынысына қатысты және еурооблигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу үшін оң дауыс берді.

"ҚазАгро" еурооблигациялардың мерзімінен бұрын толық өтелгенін хабарлады

"ҚазАгро" холдингі" АҚ халықаралық облигациялардың облигациялық бағдарламасын шығару проспектісі шеңберінде, 2013 жылғы 23 мамырда бұрын шығарылған 961 500 000 АҚШ доллары сомасына 2023 жылы өтеу мерзімімен еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық сатып алу бойынша мәмілені табысты аяқтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2019 жылғы 22 қаңтарда холдинг облигация ұстаушыларына доллармен кері сатып алу (buyback) және 2013 жылғы 8 мамырдағы халықаралық облигациялардың облигациялық бағдарламасы шығарылымы проспектісі шеңберінде облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын толық өтеу туралы ұсыныс  жасады.

Облигация ұстаушылардың 89,95%-ы холдингтің ұсынысына қатысты және еурооблигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу үшін оң дауыс берді, осылайша холдинг 961 500 000 АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды толық мерзімінен бұрын сатып алу үшін ұстаушылардың қажетті кворумын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу