"ҚазАгро" холдингі "Бәйтеректің" құрамына кірді

712

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына "ҚазАгро" агрохолдингін қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ұлттық басқарушы холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАгро" холдингі "Бәйтеректің" құрамына кірді Фото: inbusiness.kz

"Жалғыз акционер "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингін" қосу арқылы оны қайта құру туралы шешім қабылдаған",  деп жазылған хабарламада.

15 наурызда Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тапсыру актісін бекіткен. Нәтижесінде "Бәйтерек" холдингінің құрамына бұрынғы "ҚазАгроның" үш еншілес ұйымы: "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ кірді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл оңтайландыру даму институттарын неғұрлым тиімді басқаруға және мемлекеттік қолдауды сапалы, жедел жеткізуге арналған. Қосылу процесі фермерлерге теріс әсер етпейді. Агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау толық көлемде көрсетіледі, - деді "Бәйтерек" холдингінің басшысы Айдар Әріпханов.

Айта кетейік, бүгінде "Бәйтерек" холдингінің құрамында 12 еншілес ұйым бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу