ҚазАгро лизингке 1 877 ауылшаруашылық техникасын берді

923

ҚазАгро лизингке 1 877 ауылшаруашылық техникасын берді

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 млрд теңгеден астам қаражатты еліміздің АӨК қолдауға бағыттады. АӨК қаржыландырудың жалпы сомасының  183,1 млрд теңгесі отандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды несиелеуге, 17,8 млрд теңгесі - ауылшаруашылық өнімін сатып алуға,  23,8 млрд теңгесі - АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға жұмсалады. Бұл туралы деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Жылдың аяғына дейін "ҚазАгро" холдингі саладағы түрлі жобаларды несиелеуге және қаржыландыруға тағы да шамамен 80 млрд теңге бағыттауды жоспарлайды. Ұлттық холдингтің инвестициялық қоржыны 530 инвестициялық жобаны құрайды, оның жалпы құны 324 млрд теңге.  Оның ішінде бүгінгі таңда жалпы құны 273,4 млрд теңгенің 487 жобасы іске қосылды, шамамен 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы өндіріске жалпы құны 18.8 млрд теңгенің 37 инвестициялық жоба іске қосылды, 1068 жұмыс орны құрылды. Егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін ағымдағы жылы холдингке 60 млрд теңге сомасындағы бюджеттік несие қаражаты берілді, олар холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында қарыздар түрінде бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген бюджеттік ресурс толық игерілді. Аталған қаражатқа 2 141 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды,  егістік алаңы 5,3 млн га. Жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қолдау шеңберінде холдинг  барлық қаражат көздері есебінен  72,9 млрд теңге сомасына 3 235 ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырды.  Алынған қаражат аграрларға 6,9 млн га алаңда егістік науқанын жүргізуге септігін тигізді.  Шаруашылыққа қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізу үшін лизингке 37,6 млрд теңге сомасына 1 877 ауылшаруашылық техникасы берілді. Жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен "ҚазАгроға" 25 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 9 айдың қорытындысы бойынша 19,8 млрд теңге игерілді. Бөлінген қаражат қаржы бағдарламаларының кеңейтілген спектрін пайдалану арқылы АӨК дамуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталды,  оның қатарында – несие серіктестіктері арқылы АШТӨ қаржыландыру, аналық ІҚМ басын және қойларды сатып алу бар.  "ҚазАгро" ұлттық холдингі  биылғы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар шеңберінде бірқатар жобаларды қаржыландыруды бастауды жоспарлайды. Әңгіме АӨК басым салаларындағы экспортқа бағдарланған жобаларды несиелеу, сүт қабылдау пункттерінің желілері мен отбасылық сүт-тауарлы фермаларды, ауылшаруашылық кооперативтерін және бордақылау алаңдарын, жеміс-көкөніс шаруашылығы жобаларын қолдау туралы. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу