"ҚазАгро" ҰБХ директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

811

Сондай-ақ, "ҚазАгро" холдингі директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары сайланды.

"ҚазАгро" ҰБХ директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

"ҚазАгро" ҰБХ" директорлар кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

"ҚазАгро" холдингінің жалғыз акционерінің шешімімен, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен  ҚР Премьер-министрінің  орынбасары Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлы, ҚР ұлттық экономика министрі Дәленов Руслан Ерболатұлы, ҚР қаржы бірінші вице-министрі Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қарашөкеев  Ербол Шырақбайұлы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің  мүшелері  болып  сайланды.

Ал "РАКУРС"" экономикалық талдау орталығының директоры Жандосов Ораз Әлиұлы, "КЕГОК" АҚ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – Егімбаева Жанна Дачерқызы,  "Атамекен" ҰКП агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Есенеев Ербол Еркенұлы, Еуразиялық Даму банкі басқармасының мүшесі – қаржы жөніндегі басқарушы директор Мұхамбетжанов Берік Көпжасарұлы "ҚазАгро" холдингі директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Осы бұйрықпен Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің, Әлихан Асханұлы Смайыловтың, Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің, Рүстем Жомартұлы Құрмановтың "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу