Қазақ агротехникалық университеті британдық QS рейтингтен 4 жұлдызға ие болды

532

Әдетте, бұл рейтингке ие болған университеттер халықаралық беделге, жоғары білікті оқытушылар құрамына ие.

Қазақ агротехникалық университеті британдық QS рейтингтен 4 жұлдызға ие болды

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті алғаш рет Quacquarelli Symonds (QS) беделді британдық рейтингтік агенттігінің аудитінен өтті, оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға 4 жұлдыз деген жоғары баға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызмет бағыттары бойынша ұпайлар келесідей бөлінді:

  • 5* "Оқыту", "Жұмыспен қамту", "Инклюзивтілік".
  • 4* "Ауыл және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасы.
  • 3* "Интернационалдық", "Ыңғайлылық", "Әлеуметтік жауапкершілік".
  • 2* "Зерттеу".

Рейтингтік жүйе университеттерді алдын ала белгіленген халықаралық стандарттармен салыстырғанда тиімділік көрсеткіштерінің кең ауқымы бойынша бағалайды.

Әдетте, бұл рейтингке ие болған университеттер халықаралық беделге, жоғары білікті оқытушылар құрамына, сондай-ақ күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін озық технологиялық және білім беру мүмкіндіктеріне ие. 

 Ұсынылған санаттар бойынша жоғары баллдар Сейфуллин университетінің дамудың дұрыс векторын ұстанатынын растайды - жоғары білім сапасын үздіксіз жетілдіреді және еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлап шығарады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу