Қазақ әуендері Сеул орталығында шырқалды

605

Қазақ халық әуендерімен сеулдіктерді "Ұлы дала" тобы таныстырды. 

Қазақ әуендері Сеул орталығында шырқалды

Оңтүстік Корея астанасында Орталық Азия елдерінің мәдениет фестивалі мәресіне жетті. Шараны "Корея-Орталық Азия" форумының хатшылығы және елшілігіміз ұйымдастырды, деп хабарлайды 24.kz.

Екі күн бойы Чонгечон бұлағындағы алаңда  келушілерге қазақтың  ұлттық тағамдары мен кәдесыйлар тартылды. Қонақтар қазақстандық дизайнер Кәмилә Сүлейменованың сән коллекциясын тамашалады. Барлық киімдерді ол өз қолымен киізден тіккен. Ал қазақ халық әуендерімен сеулдіктерді "Ұлы дала" тобы таныстырды. Самат Әбуталипов, Алмат Сайжан және Жәнібек Сапаров ән айтып, шаңқобыз, қобыз, домбыра секілді халық аспаптарында ойнады. Ал еліміздің эстрада әндерін қобызбен Әйгерим Әшімова орындады.

 "Бүгін қазақ музыкасын тындап ол корей әуендерге ұқсайтын түсіндім. Қазақтар да бізге өте ұқсайды. Мен Қазақстанда екі рет болдым, бүгін қазақ тағамдарынан дәм татып, тағы бір рет еліңізге саяхат жасауға ой келді", – дейді Сеул қаласының тұрғыны Пак Джу Ха.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу