Қазақ балетінің жарқын жеңісі: Әбілмансұр Сырманов Бейжіңдегі байқауда алтын медаль иеленді

159

Қытайда Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) шеңберінде IX Бейжің балет байқауы мен Бейжің би академиясының форумы ұйымдастырылды.

Қазақ балетінің жарқын жеңісі: Әбілмансұр Сырманов Бейжіңдегі байқауда алтын медаль иеленді Фото: Бейнежазбадан

Аталған байқауда, Қазақстанның намысын Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Әбілмансұр Сырманов қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Финалда ол А. Аданның "Жизель" балетіндегі Альберттің вариациясын және заманауи би нөмірін орындап, алтын медаль иегері атанды.

Байқаудың қазылар алқасына әлемге танымал балет өнерінің шеберлері – Нина Ананиашвили, Владимир Малахов, Син Лили, Эрик Гильере және басқалары болды. Ал байқаудың кеңесшісі ретінде Сяо Сухуа, Джао Рухенг, Фэн Инг және өзге де танымал тұлғалар шақырылды.

Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бұл жеңіс Қазақстан балет өнерінің халықаралық деңгейдегі абыройын асқақтатқан айтулы жетістік екенін атап өтті.

Биылғы байқауда 10 елден 57 талантты биші өнер көрсетіп, үздік балет мектептерінің деңгейін көрермен қауымға паш етті.

Студенттердің Қытайға сапары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, CNPC мен PetroKazakhstan компанияларының қолдауымен және Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу