Қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

260

Әлем чемпионаты Ереванда өтіп жатыр.

Қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты Фото: Gettyimages.ru

16 жастағы қазақстандық боксшы Нығман Нығмет Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нығмет түрікменстандық Санжар Хамраевпен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нығман Нығмет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Айта кетейік, ай басында ол Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу