Қазақ күйлері Румынияда күмбірлеуде

1766

Дирижер Дүйсен Үкібайдың жүргізуімен концерттерде әлемдік классикалық авторлар мен танымал қазақ композиторларының туындылары қойылды.

Қазақ күйлері Румынияда күмбірлеуде

Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы Академиялық халық аспаптары оркестрі Румынияның ірі қалалары – Бухарест және Констанцада концерттік турне өткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Дирижер Дүйсен Үкібайдың жүргізуімен концерттерде әлемдік классикалық авторлар мен танымал қазақ композиторларының туындылары қойылды.

Әнші Талғат Ыдырысов, Гүльмира Тапай және Дәуренбек Аркенов өнер көрсетіп, түркі халықтарының музыкалық мәдениетімен таныстырды. Оркестрмен бірге Әзербайжан, Қырғызстан және Түркияның танымал әртістері сахнаға шықты.

Концерттік бағдарламаға Түркештің "Көңіл ашар", Тәттімбеттің "Сылқылдақ", Құрманғазының "Сарыарқа", Дәулеткерейдің "Көроғлы", Жаяу Мұсаның "Ақ Сиса", Нұрғиса Тлендиевтің "Әлқиса", Моцарттың "Түрік маршы" және т.б. көптеген шығармалар енгізілді.

Іс-шара қонақтары қазақстандық музыканттардың өнерін жоғары бағалады.

Өнер тарихы жолында Тәттімбет атындағы оркестр АҚШ, Ирак, Иран, Оңтүстік Корея, Ресей, Словакия, Түркия, Франция, Чехия, Швейцария және Швеция секілді елдерде концерттер өткізген.

2-6 тамыз аралығында оркестр Васлуй атты румын қаласының Халықаралық фольклорлық фестиваліне қатысып, концерттік турнесін жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу