banner

Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіле ме

2419

ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев жауап берді.

Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіле ме Фото: elorda.info

"Осы тақырыпты жаңа жылдың алдында қозғағанбыз. Ұсыныстан бұрын бізге бірінші дайындық керек. Қазіргі уақытта пәннің методикасын құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. 100 сабақтың бағдарламасын жасауды мақсат етіп қойдық", – деді Арман Шораев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Ғалымдармен, білім және ғылым минстрлігімен және мамандармен бірлесіп жасау көзделіп отырғанын да айтып өтті.

"Күрес деген жай емес. Балалардың жасына қарай әдістемесі де айрықша болуы керек. Білім министрлігіне жүгінудің алдында сол методиканы өзіміз федерация мен олимпиада комитетімен бірлесіп жасай аламыз. Сонда ғана ештеңеден жасқанбай ұсынуымызға болады", – Арман Шораев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу