Қазақ-қырғыз шекарасынан тағы бір өткізу бекеті ашылды

946

Қазақ-қырғыз шекарасынан тағы бір өткізу бекеті ашылды

"Кен-Булун" автокөлік бекетінен енді тәулігіне 700 көлік еркін қатынап, 5 мың адам екі ел арасында жүріп-тұратын болады, деп хабарлайды 24.kz.

"Кен-Булун" автокөлік бекеті екі ел үшін маңызды. Бекеттің мақсаты – жүк көлігі мен жеңіл көлікті жіті тексеріп қадағалау. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған көліктер шекараның осы тұсында ұзақ аялдайтын. Осыны ескерген билік бекетті Еуразиялық экономикалық одақтың талабына сай етіп жасақтап, іске қосқан болатын. Қазір мұндағы заманауи құрылғылардың көмегімен жұмыс жеңілдеген. Көлік нөпірі де азайған.

"Кен-Булун" "Ақ жол" кеден бекетінен кейінгі екінші орында. Жамбыл облысының Қордай елді мекенінде орналасқан "Ақ жол" бекеті негізінен жолаушылар тасымалын қамтиды. Ал жазда Ыстықкөлге ағылатын туристер үшін "Ақ тілек" пен "Кен-Булун" бекеттерінің жұмысы жанданады. Мақсат – жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу.

 – Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – мұнда ұзын-сонар кезекті болдырмау. Кей кездері мұндай кезекті қалтаның қамы үшін жасайтындар бар. Шаршаған әрі асығыс адамдардан ақша алып өткізуге тырысады. Бұлай болмауы тиіс. Туристердің біздің елге деген көзқарасы жақсы болуы керек... "Кен-Булун" автокөлік бекетін салып, оны халықаралық деңгейге көтеру үшін республикалық бюджеттен 27 миллион сом жұмсалған. "Кеткен шығынды қазынаға қайта қайтару үшін әуелі жұмыс жүйелі болуы да шарт", – дейді Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу