Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ресейлік Анар Абдуллаев пен грузиялық Ренат Пашаевқа "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Қазақ қыздарын қорлаған шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы елордада өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, блогерлер бұған дейін ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылған. Стиримерлер Алматыда қамауда отыр. 

– Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар айта кету керек, біздің полиция, нақтырақ айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – "Ұлтаралық араздықты қоздыру" дерегі бойынша тергеуді бастады, – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Бұл бап бойынша блогерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік стримерлердің қазақ қыздарына қатысты айтқан пікірлеріне наразылық білдірген-ді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу