Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды

110

Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен дәстүрлі қолөнер шеберлері Үндістанда "39-шы Сураджкунд халықаралық қолөнер фестиваліне" қатысты.

Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды Фото: gov.kz

Фестивальдің концерттік бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әртістері ұлттық дәстүрге негізделген ән мен би өнерін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар қазақ шеберлері дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларын таныстырған қазақстандық экспозиция ұйымдастырылды. Көрме қонақтары ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып, дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Фестивальге келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысып, ұлттық мәдениеттің мазмұны мен мәнін тереңірек сезінді.

Аталған мәдени іс-шара халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға және шығармашылық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етті.

Халықаралық қолөнер фестивалі әлем елдерінің мәдениетін, дәстүрлі қолөнері мен өнерін таныстыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды іс-шара. Жәрмеңкеге бір миллионнан астам келуші қатысып, ерекше қолөнер бұйымдарымен, халық билерімен және түрлі мәдени бағдарламалармен танысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу