Қазақ театры тарихында алғаш рет спектакль онлайн көрсетілді

353

Көрермендер "Махаббат, қызық мол жылдар" қойылымын тікелей эфир арқылы тамашалады.  

Қазақ театры тарихында алғаш рет спектакль онлайн көрсетілді Фото: musrepov.kz

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алғаш рет спектакльді тікелей эфирде көрсетіп, театр өнерін цифрлық кеңістікке шығаруға бағытталған жаңа бастаманы жүзеге асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрермендер театрдың ресми YouTube арнасы мен Instagram парақшасы арқылы "Махаббат, қызық мол жылдар" қойылымын онлайн форматта тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Театр ұжымының айтуынша, бұл жоба еліміздің түкпір-түкпіріндегі және шетелдегі көрермендерді қазақ театр өнерімен жақынырақ таныстыруды мақсат етеді.

Әлемдік тәжірибеде онлайн көрсетілімдер кеңінен қолданылып келеді. Атап айтқанда, National Theatre Live және TheatreHD жобалары театр қойылымдарын цифрлық форматта ұсыну арқылы аудитория ауқымын кеңейтіп келеді.

Онлайн көрсетілімді ұйымдастыру барысында дыбыс пен бейне сапасына ерекше көңіл бөлінген. Театр ұжымы бұл тәжірибе шығармашылық және техникалық мамандардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік ашқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу