Қазақ тілді орта кибербулингке дайын емес – Ләззат Асқарова

1854

Арыс қаласының тұрғыны Телеграм-канал арқылы балаларды суицидке итермелеген.

Қазақ тілді орта кибербулингке дайын емес – Ләззат Асқарова

Кибербулинг қазақ тілді ортаға да жетті. "EXPO Вумен" халықаралық ұйымының басқарма төрағасы Ләззат Асқарова осылай деп дабыл қағып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиингте маман жантүршігерлік сандарды тізбеледі.

"Кибербулинг тақырыбын қазақ тілінде түсіндіретін маман таппай қиналған кездеріміз болды. Қазақстандағы ахуал бізді естен тандыра жаздады. Қазақстандағы әр жасөспірім ай сайын булингке қатысады немесе содан зардап шегеді екен. Мұндай сан бәрімізді алаңдатады", – деген ұйым жетекшісі Арыста тіркелген оқиғаға тоқталды.

"Семинарлар кезінде біз булинг қазақ тілді ортаға жеткенін анықтадық. Арыс дейтін кішігірім қалада Телемграм-канал арқылы топ ашқан адам уақытында ұсталды. Ол да балаларды сиуцидке итермелейтін әрекеттермен айналысқан. Қазақ тілінде "Жұмаққа дейін 50 қадам" сияқты ойындар пайда болып жатыр.  Біздің балалар аптаның жеті күнінде 24 сағат бойы интернетте отыратынын, қазақ тілді орта аталмыш ойындар туралы аз құлақтанғанын пайдаланып, түрлі қылмыстық топтарға тарту белең алып тұр. Қазақ тілді ортаға осындай қауіп жетіп отыр. Дәл бұған біз дайын болмағанымыз анық шығар. Семинарға қатысқан мамандардың көбі осылай деп отыр. Сондықтан құқықтық сауаттылық бойынша ата-аналарға да, балаларға да, педагогтерге де ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек", – деді ол онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу