Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бюджет қаржысы ұрланды

227

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды. 

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бюджет қаржысы ұрланды Фото: kz.testing.kz

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу