Kazakhstan Day: China Mining 2026 алаңында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

409

ҚХР-дың Тяньцзинь қаласында өткен China Mining 2026 XXVIII халықаралық конференциясы мен көрмесі аясында елдің инвестициялық әлеуеті мен жаңа өндірістер құру перспективаларына арналған Kazakhstan Day панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Kazakhstan Day: China Mining 2026 алаңында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды Фото: gov.kz

Панельдік сессия жұмысын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ашып, елімізде инвесторлар үшін жасалып жатқан жағдайлар және аумақтың геологиялық зерттелу деңгейін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

China Mining 2026 алаңында Ерсайын Нағаспаев ҚХР Табиғи ресурстар министрі Лю Гохунмен, Конго Демократиялық Республикасы Тау-кен өнеркәсібі министрі Луи Ватум Кабамбамен, Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзоу Лайчанмен, CARL компаниясының бас директоры Шу Чжиминмен, China National Gold Group Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Чжоу Чжоумен, сондай-ақ Aluminum Corporation of China (CHINALCO) басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында геология, жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді әріптестікке бағытталған бірқатар келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу