"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" жұмысшыларын заңсыз жұмыстан босата ма?

537

"KPI" зауыты қызметкерлерінің өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" жұмысшыларын заңсыз жұмыстан босата ма? Фото: gov.kz

Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС (KPI) зауыты қызметкерлерінен келіп түскен өтініштер негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қызметкерлер жұмыс берушінің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, алдағы уақытта жұмыстан босататыны туралы мәлімдеген. Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар өз құзыреті аясында арызданушылардың барлық дәлелдерін зерделейді. Тексеру аяқталғаннан кейін нәтижелері туралы қосымша хабарланады" делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу