"Қазақконцертте" қазақ әндері жаңа әуезбен орындалды

328

Халық әндері ағаш үрмелі аспаптар квинтетіне лайықталды.  

"Қазақконцертте" қазақ әндері жаңа әуезбен орындалды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында "Музыка тілінде" концерті өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеште Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің үрмелі аспаптар ансамблі ұлттық музыка, әлемдік классика, джаз және танго жанрларындағы шығармаларды орындады.

Бағдарламада Клод Боллингтің флейта мен джаз фортепиано триосына арналған сюитасы және Ришар Гальяноның "Клодқа арналған танго" шығармасы ұсынылды.

Сондай-ақ қазақтың халық әндері алғаш рет ағаш үрмелі аспаптар квинтетіне лайықталып, жаңа үлгіде орындалды. Концерт барысында ұлттық музыка әлемдік классика, джаз және танго жанрларымен үйлесім тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу