Қазақмыс Bank RBK-ға 160 миллиард теңге береді

793

Қазақмыс Bank RBK-ға 160 миллиард теңге береді

Қазақмыс Bank RBK-ға 160 млрд теңге береді, деп хабарлайды Интерфакс. 

Bank RBK банктерді сауықтыру бағдарламасына қатысады. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк және Қазақмыс корпорациясы бірлесіп Bank RBK-ны қалыпқа келтіру шараларын қарастырды. Бұл туралы үкімет отырысының қорытындысы бойынша журналистер сұрағына жауап беру кезінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты.

"Банктің 600 млрд теңгеге бағаланған проблемалы қоржыны банкке тікелей қатысы жоқ мамандандырылған компанияға беріледі. Сәйкесінше банк проблемалық қоржыннан  арылады",- деді Ақышев журналистерге. Оның сөзінше бұл Ұлтық банктің бұған дейін квазимемлекеттік компанияларға несие түрінде бөлген қаржысы есебінен жүзеге асады.

Осыдан кейін кейін инвестор RBK банкті 160 млрд теңгеге қаржыландырады. Банк жақын күндері барлық керекті үдерістерді атқарады. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде банктегі ахуал тұрақтанбақ.

"Өтімділіктің түсуіне қарай жақын арада банк әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша, сондай-ақ ұсақ және орта салымшылардың депозиттері бойынша міндеттемелерді орындай бастайды", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы. 

Bank RBK қаржылай көмек алу үшін сауықтыру бағдарламасына қатысуға өтініш жолдаған болатын. 

Еске сала кетсек, экономиканы несиелеуді қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк қаржылай көмек беру бағдарламасын бастаған еді. Бұған дейін төрт банктің өтінімі қанағаттандырылып, 410 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу туралы шешім қабылданған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу