Қазақстан "тұзаққа" түспеудің жолын қарастырып жатыр

1025

Қазақстан "тұзаққа" түспеудің жолын қарастырып жатыр

Орташа деңгейден жоғары табыс деңгейіне табысты өтетін елдер некен-саяқ. Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан "Орта кірістің тұзағы": Қазақстан үшін мәселе" атты панельдік сессияда Бүкіләлемдік банк, макроэкономика және бюджеттік саясат жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры Джон Панзер осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Аbctv.kz.

Департамент директоры мәселенің мән-жайын "тұзақ"  терминін талдау арқылы түсіндірді.

"Табыс тұрғысынан алғанда бұл мәселені екі қырынан қарастыруға болады. Бірінші санатқа елдің төмен, орташа және жоғары табыс деңгейі жатады. Мұндай классификацияны көбінесе Бүкіләлемдік банк сияқты институттар әзірлейді. Ал жоғарғы деңгей көрсеткіші жан басына шаққанда 13 мың долларды  құрайды. Мұндай табыс деңгейі бар елдер көп. Олардың қатары соңғы 20 жылда көбейді. Бүгінгі таңда Жапония, Корея елдері кіріс көрсеткіші жан басына шаққанда 38 мың доллардан келетін деңгейді көрсетіп отыр. Кірістің жоғары деңгейін анықтайтын түрлі тәсіл бар, соның бірі Бүкіләлемдік банктің анықтамасы.

"Тұзақ" терминіне келетін болсақ, алдымен бұл жағдайда қанша жыл өмір сүру керек, ол бізді неге әкеледі? деген сұраққа жауап беру қажет. Кейде бір ұстанымды ұстаудан қашқақтайтын болсақ, ол осы мәселені қарастырып жатқан ел үшін тиімді болады. Қазақстанның және басқа елдердің "біз орташа табыс тұзағында болғымыз келмейді, одан әрі ілгерілегіміз келеді" деген ойы мен ұмтылысы тұзаққа түспеудің жолын қарастырып жатқанын көрсетеді", – деді Джон Панзер.

Оның ойынша, дамушы елдер жоғары кіріс дәрежесіне көшуді дамыған елдерден үйренуі керек.

"Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз көздеген мақсаттарыңызға жеткізбеуі мүмкін. Қазақстан секілді дамушы елдердің көпшілігі осы мәселемен  айналысып, кіріс деңгейі жан басына шаққанда 38-39 мың долларды құрайтын АҚШ-қа бой түзеп келеді. Бұл – дұрыс бастама. Себебі дамушы елдер дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсе адаспайды.

Алдыңғы қатарлы елдерде өзгерістерге бейімделу үшін арнайы күштер, инновациялар мәдениеті, кірісті басқару ісінде нақты тәжірибе бар. Осының бәрін дамушы елдерге көшіруге болады", – деп қорытты ойын шетелдік сарапшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу