Қазақстан 118 мемлекетке 800-дей тауар түрін экспорттайды

999

Қазақстан 118 мемлекетке 800-дей тауар түрін экспорттайды

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның өңдеу өнеркәсіптері қарқынды дамуда. Сонымен қатар, қара, түсті металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі секторларының өзінде де өсу байқалуда, деп хабарлайды naryk.kz.

Қазіргі кезде Қазақстан дүние жүзінің 118 мемлекетіне өңдеу өнеркәсіптері шығаратын тауарлардың 800 түрін экспортқа шығарады. Ал машина жасау және құрылыс материалдарын шығару салаларындағы өндірісте бәсеңсу байқалады.

Айта кетейік, Ұлттық "Made in Kazakhstan" брендін дамыту" атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болды.

Проблемаларды талқылау барысында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары экономиканың шикізаттық емес тауарлар шығару саласындағы іске қосылған және оларға тауарларды экспорттық шығару, экспортқа шығаруға дайындық жасауға несие беру арқылы қолданыстағы кәсіпорындарды қаржыландыру бизнес субъектілеріне қолдау көрсету шаралары шикізаттық емес тауарларды экспортқа шығару бөлігін арттыру бойынша мәселелерді кешенді шешуге жеткіліксіз және жетілдірмегендігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу