Қазақстан 20 жылда 439,7 млрд доллар инвестиция тартқан

353

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев соңғы 20 жылдағы Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі мен 2025 жылы келген қаржы ағыны туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан 20 жылда 439,7 млрд доллар инвестиция тартқан  Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2005 жылдан 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта Қазақстан экономикасына 439,7 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үлесі – 6,3 млрд доллар.

Ал 2025 жылдың тоғыз айында Қазақстан экономикасына 14,9 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция келген. Бұл 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артық.

– Бүгінгі таңда Үкіметтің алдында 2029 жылға қарай экономика өсімін екі есе арттыру міндеті тұр. Бұл мақсатқа қол жеткізудің негізгі факторы — кемінде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту, сондай-ақ 2029 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 23%-ына дейін жеткізу, – деді Асан Дарбаев Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының үшінші отырысында.

Оның айтуынша, инвестицияларды қолдау мен ынталандыру жүйесін қалыптастыру үшін 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құжатқа сәйкес, капитал салымдары қосылған құны жоғары, бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісіне бағытталмақ.

Сонымен бірге, Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Doing Business" зерттеуінің соңғы есебінде 25-орынға ие болды. Сондай-ақ Business Ready 2025 жаңа рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 29-орынды иеленіп, инвесторлар мен кәсіпкерлерге жағдай жасау бойынша өңірлік көшбасшы мәртебесін сақтап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу