Шикізатты арзанға экспорттап, дайын өнімді қымбатқа сатып аламыз

1013

Қазақстан жылына 3,6 млрд долларға сырттан азық-түлік тасымалдайды.    

Шикізатты арзанға экспорттап, дайын өнімді қымбатқа сатып аламыз

Еліміз шетелге жылына 3 млрд долларға шикізат экспорттайды. Алайда кейін оны жоғары бағамен дайын өнім ретінде қайта сатып алады. Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының АӨК бойынша кеңесшісі Ербол Есенеев "Ауыл шаруашылығын дамыту" тақырыбындағы деңгелек үстелде мәлімдеді. 

"Жылына 3,6 млрд долларға сырттан азық-түлік алып келеміз. Оның 1,5-2 млр-дын елімізде өндіруге болар еді. Атап айтсақ, сүт тағамдарын. Ал сыртқа өнім шығару көрсеткіші 1,5 млрд доллардан 3 млрд долларға артты. Алайда еліміз экспортқа шикізат шығарады. Егер экспортталған және импорттық өнімдерді алып қарайтын болсақ, біз 200 долларға шикізат сатып 1 мың долларға оны дайын өнім ретінде қайта сатып аламыз. Бұл өте тиімсіз. Сондықтан жүйені толықтай өзгерту керек", – дейді Ербол Есенеев. 

Алайда кәсіпкерлер палатасының АӨК бойынша кеңесшісі көрші елдер нарығына шығу ауыл шаруашылығы бойынша көш бастауға мүмкіндік береді деп есептейді. 

"Көрші елдердің нарығы бізге Орта Азия нарығында көш бастауға мүмкіндік береді. Мәселен 1,5 млрд халқы бар Қытайға, 200 млн адамнан тұратын Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа өнім экспорттауға болады", – дейді Ербол Есенеев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу