Қазақстан 2024 жылы мұнай өндірісін 100 млн тоннаға жеткізбек

1005

Алдағы 5 жылда инфляция 3-5% көлемінде сақталады.

Қазақстан 2024 жылы мұнай өндірісін 100 млн тоннаға жеткізбек Фото: primeminister.kz

Сенат қабырғасында Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарымен таныстырды.

Әлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтеріне сүйеніп жасалған болжам бойынша бір баррель мұнайдың бағасы жыл соңына дейін 65 доллар көлемінде сақталады. Ал 2020 жылы бұл баға 63 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Дегенмен министрлік 4 жылдық даму болжамын мұнай бағасын 55 доллар көлемімен есептеген.

Ведомтво өкілінің айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тонна болса, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 трлн теңгені, ал 2024 жылы  106 трлн теңгені құрамақ. 

"2020-2021 жылдары инфляцияның жылдық нысаналы дәлізі 4-6% деңгейінде сақталды. Ал 2022-2024 жылдары ол дәліз 3-5% шегінде болады. Макроэкономикалық болжамның негізінде 2020-2022  жылдарға арналған бюджет параметрлер болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің кірістері 2020 жылы 8,1 трлн. теңгені, 2021 жылы 8,7 трлн. теңге, 2022 жылы 9,5 трлн. теңгені құрайды", – деген вице-министр бұл жерде ұлттық қордан алынатын трансферттер есепке алынбағанын айтты. 

2020 жылы елдегі бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,1%, 2021 жылы 1,5% дейін, ал 2022 жылы 1%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

"Осы параметрлерді есепке ала отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,9 трлн. теңге, 2021 жылы 13,2 трлн. теңге, 2022 жылы  13,7 трлн. теңге болады деп болжанды", – деді Мәди Тәкиев.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу