banner

Қазақстан 2025 жылға қарай құс етін сырттан кіргізбеуді жоспарлап отыр

756

2025 жылға қарай жаңа құс фабрикалары салынады және жұмыс істеп тұрғандары жаңғыртылады. Осылайша құс етін сырттан мүлде енгізбеуге болады. Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Қазақстан 2025 жылға қарай құс етін сырттан кіргізбеуді жоспарлап отыр

Оның айтуынша, 2021 жылы импорт үлесі 168,5 мың тоннаны құрады, ал меншікті өндіріс 282,3 мың тоннаны құрады.

"Жалпы өндірістік қуаты жылына 223,1 мың тонна болатын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту есебінен 2025 жылға қарай импортты толық алмастыру жоспарланып отыр", – деп мәлімдеді министр.

Жалпы 2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтың 29 негізгі азық-түлік түрі бойынша қамтамасыз етілуі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрін қоса алғанда, отандық өндіріс есебінен 80% және одан да көп құрайды. 

Оның ішінде 11 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100% және одан да көп қамтамасыз етілген – бұл нан, макарон, сүт, картоп, қияр, күріш, қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, қарақұмық жармасы, тұз. 

12 тауар позициясы бойынша қамтамасыз ету 80% және одан да көп – қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз, бұрыш, қызылша, сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт өнімдері, май, күнбағыс майы. 

Бұған алма – 73,7%, құс еті – 65,4%, шұжық өнімдері – 56,4%, ірімшік пен сүзбе – 56%, қант – 42,6% сияқты тауарлар жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу