Қазақстан 2026 жылға қарай республиканың оңтүстігінде қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі ЖЭО салады

590

Энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "TotalEnergies" КТ қуаты 1 ГВт ЖЭК ірі ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған Қағидаттар туралы келісім жасасты, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан 2026 жылға қарай республиканың оңтүстігінде қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі ЖЭО салады

"Қол қойылған құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған", деп жазылған хабарламада. 

Объекті Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады.

Жобаның құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр және жоба 2024 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған кезеңде толық аяқталады деп күтілуде.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ "жасыл" электр энергиясын генерациялауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның 2030 жылға қарай "жасыл экономикаға" көшуінің бекітілген тұжырымдамасына сәйкес жаңартылатын энергияның үлесі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің кемінде 15%-ын, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 50%-ды құрауға тиіс.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 30,1%-ға өсіп, 4,22 млрд кВт/сағ құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу