Қазақстан 2028 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге ниетті

1121

Қазақстан 2028 жылы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді.  

Қазақстан 2028 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге ниетті Фото: gov.kz

Халықаралық хоккей федерациясы сайтында екі қала көрсетілген – Астана және Алматы, деп хабарлайды inbusiness.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 2021 жылдан бері жыл сайын элиталық дивизионда тұрақты ойнап келеді.

Алдағы уақытта Чехияда өтетін турнирде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Польша, Швеция, Словакия, Латвия және Франциямен топтық кезеңдегі кездесулерін өткізеді.

2025 жылы әлем чемпионаты - Швеция мен Данияда, 2026 жылы - Швейцарияда, 2027 жылы - Германияда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу