Қазақстан 2029 жылға дейін KazSat-3R спутнигін жасауды көздеп отыр

381

Космомониторингтің бес жылдағы экономикалық тиімділігі 977 миллиард теңге болды.  

Қазақстан 2029 жылға дейін KazSat-3R спутнигін жасауды көздеп отыр Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы бір бағыт – отандық спутниктік жүйелерді дамыту жəне экспортқа шығу. Байланысты 2 KazSat спутнигі қамтамасыз етеді. Кіріс көлемі – 72 миллиард теңге. 2029 жылға дейін қолданыстағы аппараттарды алмастыру үшін KazSat-3R спутнигін жасау көзделген. Жерді қашықтан зондтау жүйесінде 3 спутник жұмыс істейді. Космомониторингтің бес жылдағы экономикалық тиімділігі 977 миллиард теңгені құрады", – деді Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, түсірілімнің дəлдігін арттыру жəне қамту аумағын кеңейту үшін 6 жаңа спутник жасау көзделген.  Олардың үшеуі – жоғары, үшеуі – орташа рұқсаттамадағы аппараттар.

"Моңғолия, Конго жəне Нигериямен 3 экспорттық жоба іске асырылып жатыр. Экспорт көлемі 70 миллион долларды құрайды. 2030 жылға қарай 14 спутниктен тұратын халықаралық топтама құру жоспарланған", – деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу