Қазақстан Әбілазовты тұтқындап, ісін сотқа дейін жеткізбекші

982

Қазақстан Әбілазовты тұтқындап, ісін сотқа дейін жеткізбекші

Шетелге қашып кеткен бұрынғы банкир Мұхтар Әбілазов Қазақстанда 7,5 миллиард доллардан астам қаражат қымқырғаны үшін айыпталып отыр, деп жазады sputniknews.kz.
Қазақстанның бас прокуратурасы Мұхтар Әбілазов пен оның сыбайластарының ұсталуы, тергеудің аяқталуы, сот талқылауының әділ өтуі мен келтірілген шығынның өтелуі үшін заңда қарастырылған бүкіл шараларды орындайды деп хабарлады ҚР басты қадағалау ведомствосының баспасөз қызметінде. 

Француз Республикасының мемлекеттік кеңесі Ресей Федерациясының экстрадициялау өтініші бойынша Әбілазовты Ресейге беру туралы Франция премьер-министрінің шешімін қабылдамай, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ресми хабарламада білдірді.

"Қылмыстық істің тергелуі аяқталған жоқ, өйткені Әбілязов пен сыбайластарының бір бөлігі сот төрелігінен қашып кетті. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес айыпталушы тұлғаны құқық қорғау органдарының қылмыстық қуғындауы ол сотқа берілгенге дейін жалғасуы тиіс. Сол себепті Қазақстанның бас прокуратурасы айыпталушының ұсталуы, тергеудің аяқталуы, сот талқылауының әділ өтуі мен келтірілген шығынның өтелуі үшін заңда қарастырылған бүкіл шараларды орындайды", — делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу