Қазақстан адам ресурстары бойынша әлемдік рейтингтің 58-сатысына көтерілді

2376

Осылайша еліміз 2018 жылғы зерттеу нәтижесінде өткен жылмен салыстарғанда екі сатыға жоғарылап отыр.

Қазақстан адам ресурстары бойынша әлемдік рейтингтің 58-сатысына көтерілді

Қазақстан адам ресурстары бойынша әлемдік рейтингтің 58-ші сатысына көтерілді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz LS порталына сілтеме жасап.

Осылайша еліміз 2018 жылғы зерттеу нәтижесінде өткен жылмен салыстарғанда екі сатыға жоғарылап отыр. Сарапшылар адам дамуы индексін 0,8-ге бағалады.

Атап өтілгендей, 2017 жылдағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70 жыл. Ал оқу жылдары – 15,1. Негізі елімізде оқу орта есеппен 11,8 жылға созылады.

Мамандардың айтуынша, Еуропа мен Орталық Азиядағы адамзат даму ресурстары – 0,771. Бұл дамушы аймақтар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Сондай-ақ бұл жерде еркектер мен әйелдер теңсіздігінің ең төменгі көрсеткіші аталды. Әйелдердің экономикалық белсенділігі әдеттегідей ерлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. (45,5% – 70,3%)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу