Қазақстан АЭХА-ның халықаралық конференциясына қатысты

1140

Қазақстан АЭХА-ның халықаралық конференциясына қатысты

Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің "Ядролық қауіпсіздік: Міндеттемелер мен әрекеттер" атты Халықаралық конференциясы басталды. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап strategy2050.kz жазады.

Осындай әр үш жылда өткізілетін ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі конференция екінші рет ұйымдастырылуда. Конференцияға 168 мүше мемлекет делегациялары, соның ішінде 50 министрлер басқаратын делегациялар қатысуда.

Қаза Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, елші Қайрат Сарыбай құрамында Қазақстанның Энергетика министрлігінің және Ұлттық ядролық орталығының өкілдері қазақстандық делегацияны басқарды.

Конференция министрлер сегментінің пленарлық отырыстан басталып, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты бірнеше ғылыми және техникалық отырыстармен жалғасады.

Министрлер декларациясының талқылау мен қабылдануы министрлер сегментінің пленарлық отырыс шеңберіндегі ең маңызды окиға болып табылады.

Қазақстан делегациясының басшысы өз баяндамасында еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы жетістіктерімізді, ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық қауіпсіздікті күшейту саласында ынтымақтастығын атап өтті. АЭХА мүше мемлекеттері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-отырысында ұсынылған және одан әрі "Әлем ХХI ғасыр" Манифестінде жалғасуын тапқан, сондай-ақ БҰҰ құжаты ретінде таратылған бастамаларына назар аударды.  Қатысушылар 2017 жылдың екінші жартысында ашылуға жоспарланып отырған АЭХА Төмен байытылған банкін Қазақстанда құру жөніндегі жобасын іске асыру барысы туралы хабардар етілді.

Ядролық қауіпсіздік бойынша конференциясының жұмысы  9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу