Қазақстан АЭС құрылысының әлемдік тәжірибесін зерттейді – энергетика министрлігі

784

Қазақстан елде атом энергиясын дамытпастан бұрын әлемдік тәжірибені, қолда бар реакторлық технологияларды зерттейді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан АЭС құрылысының әлемдік тәжірибесін зерттейді – энергетика министрлігі

Бұл туралы Энергетика министрлігі Интерфакс-Қазақстан агенттігіне мәлімдеген. Ведомство, мүдделі ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның табиғи-климаттық факторлары мен атом электр станцияларының қоршаған ортаға келтіруі мүмкін қаупін тексеруді көздеп отыр. Атап айтқанда, атом электр станцияларын салу мен пайдаланудың әлемдік тәжірибесін және халықаралық реакторлық технологияларының қауіпсіздігіне талдау жүргізу жоспарлануда. Министрлік, қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданбағанын баса айтты. Сөздерінше, бұл мәселе қоғамдық пікірді ескерусіз шешілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу