Қазақстан агроөндірістік кешеннің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр – Болат Жәмішев

784

Импортқа тәуелділіктен құтылу мен экспорттың әлеуетін арттыру өзекті мәселе болып тұр.

Қазақстан агроөндірістік кешеннің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр – Болат Жәмішев

"Aitas KZ" АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Болат Жәмішев ет кластерін құру бойынша Макинскте өткен форумда осылай деді.

"Агроөндірістік кешен ел экономикасының көшбасшысы болуға тиіс еді. Өкінішке қарай, Қазақстан агроөндірістік кешеннің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр. Салдарынан ауыл шаруашылығы саласы тығырыққа тіреліп жатыр. Импортқа тәуелділіктен құтылу, экспорттың әлеуетін арттыру өзекті мәселеге айналуда. Бізге Макинск құс фабрикасы негізінде еліміздің барлық аймағында құс шаруашылығын, ет өндірісін дамыту қажет. Десек те Макинскте де шешілмеген мәселе бар. Мұнда білікті кадр тапшы",– деді Болат Жәмішев.

Оның сөзінше, Макинскте екінші құс фабрикасы іске қосылған кезде қазіргі кадр тапшылығы мәселесі күрделене түседі.

"Бұл уақыт оздырмай шешуді талап ететін мәселе. Кадр тапшылығынан бөлек Макинскте инфрақұрылым да тиісті деңгейде емес. Бұл мәселені де назардан тыс қалдырмау керек",– деді Болат Жәмішев

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу