Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық орталығы құрылады

1320

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық орталығы құрылады

Қазақстан экспорттаушы мемлекеттер қатарынан. Биыл 5286 тонна ет, 2705 тонна құс еті және 153 тонна қой еті экспортталған. Жалпы ветеринария саласында экспорттауға 1944 рұқсат қағазы алынған. Ал еліміздің бидай өнімдерін 27 ел сатып алып отыр. Ауыл шаруашылығында экспорт көрсеткішін ұлғайту үшін енді арнайы орталықтар жұмыс істейтін болады. Биылдан бастап "Азық – түлік келісім шарт" АҚ ұлттық компаниясының меншікті қаражаты негізінде АӨК экспорттық орталығы құрылады, деп хабарлайды ortcom.kz  

"Аталған  орталық "KazakhExport" АҚ және "Kazakh Invest" АҚ, сондай-ақ ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдері арқылы жұмыс істейді. Отандық өнімнің экспортын арттыру үшін, орталық сыртқы нарыққа талдау жүргізіп, дамыған елдер үшін өнімдерді жылжыту жол картасын құрып, экспорт келіссөздерін жүргізеді",- деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда. 

Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетінің дамуы туралы өткен жиында Қытай, Иран, БАӘ, Израиль, Сауд Арабиясы және т.б. елдерге экспортталатын тауарлардың көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Мысалы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын мұздатылған қой етіне қойылатын талаптардың Хаттамасына қол қойылды. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктеріне тасымалданатын мұздатылған қой етінің ветеринарлық сертификатына қол қойылмақ. Ал Иранға экспортталатын мұздатылған қой етін тасымалдау бойынша ветеринарлық талаптар  келісілді,- деді ведомство басшылары.

Экспорт көлемінің артуының тағы бір себебі, Қазақстанның 9 аймағы 2015 жылы аусылдан таза аймақ және аусылды бақылау жөніндегі ұлттық бағдарлама негізінде жылқылардың африкалық оба ауруынан босатылу жөнінде мәртебесін алған болатын. Биыл ХЭБ-қа мүше елдердің Бас Ассамблеясының 85-сессиясында еліміздің 5 аймағы өнім тазалығын растайтын сертификат иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу