Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 67-орында

1198

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 67-орында

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 80 елдің арасынан 67-орын алды. Бұл "өте төмен көрсеткіш", деп хабарлайды Today.kz English Proficiency Index зерттеуін жүргізген компанияның сайтына сілтеме жасап. 

Рейтингте ең жоғары көрсеткішті Нидерланды елі көрсетті (индексі 71,45). Одан кейін шведтер  (70,40) мен даттықтар (69,93). Ағылшын тілін білетін үздік ондықта Норвегия, Сингапур, Финляндия, Люксембург, Оңтүстік Африка Республикасы, Германия мен Австрия бар.  

Қазақстандықтар рейтингте 45,95 индексімен 67-орынға жайғасқан. Азияның 20 елінің ішінде 17-орында. 

2014-2016 жылдары ҚР рейтингте 54-орынға ие болған еді. 2017 жылғы тізімде бізбен қатарлас тұрған елдер Египет (66-орын) пен Венесуэла (68-орын). 

Ресейліктер 38-орынды еншілеген. Соңғы орында Алжир, Камбоджа, Ливия, Ирак пен Лаос.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу