Қазақстан Airbus тікұшақтарын Қырғызстанға жеткізуге дайын - Сауда министрі

713

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған үкіметтік делегация Қырғыз Республикасының үкіметімен бірқатар кездесулер өткізді. 

Қазақстан Airbus тікұшақтарын Қырғызстанға жеткізуге дайын - Сауда министрі

Ведомство баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап inbusiness.kz Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан Қырғызстанға отандық арнайы техниканы, автобустар мен тікұшақтарды жеткізуге дайын екенін мәлімдеді деп жазады

"Қазіргі уақытта Бішкек әкімдігі арнайы техника мен автобустар сатып алуға мүдделі. Қазақстан қазірдің өзінде қырғыз нарығына автомобиль өнімін экспорттайтын ел ретінде Бішкекке қажетті жабдықтар мен автобустардың жеткізілімін қамтамасыз етуге дайын", – деді сауда министрі.

Жалпы министрдің айтуынша, Қазақстан қырғыз тарапына машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, химия өнімдері және басқа салалардағы құны 230 миллион доллардан асатын 190 тауарлық тауарлардың тізімін ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу