Қазақстан әйелдер командасы Олимпиадаға іріктеу турнирін сәтті бастады

776

Үндістанда жағажай волейболынан Олимпиадаға іріктеу турнирі саналатын Азия кубогінің бірінші айналымы аяқталды. 

Қазақстан әйелдер командасы Олимпиадаға іріктеу турнирін сәтті бастады

Алғашқы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер командасы алтын, ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Шри-Ланка командасын 2:0 есебімен ұтты. Бақтыгүл Самаликова мен Ирина Цимбалова жұбы қарсыластарын 2:1 есебімен жеңсе, Алина Раченко мен Анастасия Уколова 2:1 есебімен басым түсті. Жалпы есепте қазақстандық волейболшы қыздар бірінші орын иеленіп, турнирдің финалдық кезеңіне автоматты түрде жолдама алды.

"Біздің негізгі міндетіміз – бірінші орын иеленіп, Азия кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алу болатын. Осы міндетті орындадық деп ойлаймын.  Енді Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына дейін Азия чемпионаты мен жыл сайынғы құрлықтық турнирлерде жеңіске жетсек дейміз",–  дейді спортшы қыздар. 

Қазақстан ерлер командасының еншісінде күміс жүлде бар. Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы қарсыластарына 1:2, 0:2 есебімен жол берді.

Ерлер командасы финалда 2018 жылғы Азия чемпионы Иран құрамасымен кездескен болатын. Осылайша, жағажай волейболынан ерлер командасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші айналымына жолдама алды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу