Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

729

Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей құрамасының ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын 9-сәуірдеі Астана қаласында өтіп, 0:3 есебімен аяқталды. Үш голды да біздің құрама екінші таймда жіберіп алды. 59 және 90- минуттарда Ольга Данилова гол соқса, 70-минутта Надежда Смирнова бір гол соқты. 
Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу турниріндегі бесінші жеңілсі болса, Ресей құрамасы екінші жеңісіне жетіп отыр. 
Осылайша қазіргі уақытта 1 топта Уэльс құрамасы 11 ұпаймен бірінші орында келеді. Бір ойыны кем, бірақ 11 ұпайы бар Англия құрамасы екінші тұр. Одан кейін Ресей (төрт ұпай), Босния және Герцоговина (3) жайғасса, көш соңында Қазақстан құрамасы орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу